Алматылық оқушылар үшін студияда білім алу үшін тегін. Орталықтың алғашқы 50 шәкірті 5 қыркүйек-5 қазан аралығында кастингтен өткен. Олардың арасында аз қамтылған және көпбалалары отбасылардың балалары да бар.
Барлық оқушылар үшін толық оқу циклі 3 жылға созылады. Оларға жас мұғалімдермен бірге Нұрлан Албанның өзі де дәріс береді. «Неге жас мұғалімдер?» деген сұараққа әнші тек балаларды ғана мес, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарын енді бітірген жастарға да тәжірибе жинауға мүмкіндік бергісі келетінін айтты. Осы себеппен студияда жас педагогтар оқушыларға тәлім бермек.
“Әр бала талантты. Мен үш баланың әкесі ретінде баланы ашу үшін оған уақытында сабақ берілуі керек екенін білемін. Менің биыл өнерде жүргеніме 20 жыл толады екен. Әрине мұның құрметіне үлкен той жасап немесе концерт беруімен болатын еді, бірақ мен мектеп ашуды дұрыс санадым. Қазір көптеген ата-ана баласының шығармашылығы үшін қаражат бөле алатын жағдайда емес. Мен өз ойымдағыдай тәлім беріп, актер, тележүргізушілер шығарамын деп ойлаймын. Егер осы 50 баланың ішінен 10-ы үлкен сахнаға шыға алса, онда бұл мен үшін үлкен сыйлық”, – дейді Нұрлан Албан.
Әншінің бұл бастамасын өнердегі әріптестері де қолдады.
“Сыныптар өте керемет жабдықталған, барлық сәндеу жұмыстарының керемет қолдан шыққаны көрініп тұр. Біз өзіміз мектепте оқығанда қандай залдарда дайындалып едік. Қазір қарасаңыз, барлық жағдай жасалған. Мұнда сабақ алуға келген балаларды да бұл ынталандырады. Бұл ретте оқушылар сарайы басшылығына да рахмет айту керек. Нұрлан өз ісін жақсы көреді, әрі үнемі насихаттап жүреді”, – деді ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева.
Нұрлан сізбен қалай хабарлассам болады. Сіздің мектеп жайлы білсем деп едім, мен кеш естіп қалдым.
Сəлеметсіз бе Нұрлан . Сіздің ашқан метебіңізді кеш естіп қалдым. Менің де өнерге жақын 10-жасар əнші қызым бар. Республикалық конкурстардың бас жүлде, 1-лауреат иегері. Тайжарыс респ-қ радио байқаудан 1-орын алып 6-қарашада Шалқар радиосынан Тəуелсіз қазақ елі деген əнін орындады. Қызым үшін Қарағанды облысынан Алматыға көшіп келдік. Көп балалы анамын. Əкесі зейнеткер. Сіздің мектебіңізге қалай жолықсам болады. 87471616578 нөміріне хабар алсам ренжімесеңіздер. Рахмет
Сәлеметсіз бе !!!! Нұрлан мырза сіздің өнер студиянызға баламды қалай орналастырсам болады екен . Сіздің өнеріңізді бағалаймыз сіздей азаматтың барына шүкір шілік . Ұлтым қазағым деп жұрген сіздей азаматтар көп болса екен . Мен сіздей ұстазда баламның қандайда бір жетістікке жеткенін калар едім . Сіздің студиянызға қалай орналастыруға болады . Көп көп рахмет.