Туризм индустриясын дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыты – туризм саласын цифрландыру. Ол туристерді тартуға және оларды елдің әдемі жерлеріне қызықтыруға мүмкіндік береді.

Шетелдік туристер Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы арқылы елдің ерекше, көрікті жерлерімен танысып, олардың тарихы жөнінде ақпарат ала алады. Сонымен бірге Қазақстанда саяхаттаудың тиімді тұстары жөнінде пайдалы мәліметтер жазылған.

Порталда тегін тур операторлар, жолнұсқаушылар қызметі, туристік агенттіктер, бөлшек сауда дүкендері мен кәдесый дүкендері туралы ақпарат пен қонақ үй мен авиабилет брондау мүмкіндігі қарастырылған.

Порталды дамыту шеңберінде E-hotel жобасы ұсынылды. Онда қонақ үйлердің бірыңғай дерекқор базасы құрылады. Бұл болашақта елге келетін туристердің орналасуы бойынша туындаған сұрақтарына оңтайлы шешім болмақ.

10 туристік орталыққа тегін интернет орнатылады. PowerBank және SOS батырмасы, шетелдік туристерге арналған мобайл MiFi-роутерін қосу жоспарланып жатыр.

Google зерттеуіне сәйкес, әлемдегі туристердің 65%-і демалыс орынын анықтау кезінде онлайн-ресурстардан алынған ақпаратқа сүйенеді екен.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!