Басты бет Жаңалықтар Ғалым Президентке жер қойнауы заңнамасына өзгеріс енгізуді ұсынды

Ғалым Президентке жер қойнауы заңнамасына өзгеріс енгізуді ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серікбек Дәукей геология саласын дамыту мен салада заңнама шараларын қолдану мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серікбек Дәукей. Фото: Аkorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының академигі Серікбек Дәукейді қабылдады.

Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, Мемлекет басшысы мен ғалым геология саласын дамытудың, салалық министрлік құрылғаннан кейін қолға алынған реформаларды орындаудың және жер қойнауын зерттеу бағытында қабылданған мемлекеттік және заңнамалық қолдау шараларының өзекті мәселелерін талқылады.

Серікбек Дәукей Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексіне өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс айтты. Бұл өзгеріс геологиялық зерттеу жүргізу мен жер қойнауын тиімді пайдалануда мемлекеттің ролін күшейтеді.

Президент саланы одан әрі дамытудың, жаңа кен орындарын ашу үшін заманауи, ғылыми әдістерді пайдаланудың және минерал-шикізат базасы қорын арттырудың маңызы ерекше екенін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version