Фотосуретке қарап тұлғаның кім екенін тауып көріңіз. Дұрыс жауапты білу үшін суретті басыңыз.
Бұл кімнің фотосуреті?
Суретті бұру үшін шертіңіз
Бұл - ақын, жазушы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов. Ол 1961 жылдың көктемінде төбелескені үшін Әдебиет институтынан шығарылып, "Казахстанская правда" газетінде жұмыс істеп жүрген еді. 11 сәуір күні газет редакторы оған адамзаттың ғарышқа ұшуы туралы өлең жаз деп тапсырма береді. Ертеңінде "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасының үзінділері газетке басылады. Сол оқиғадан кейін 25 жастағы Олжас Сүлейменовтің атағы Кеңес Одағына кең тарады.
Ғалымды таныдыңыз ба?
Суретті бұру үшін шертіңіз
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұқан Бекмаханов бұл кезде шамамен 32 жаста еді. Фотосурет 1947 жылы Ташкентте түсірілген. Тарихшы осы жылдан бастап Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды. Дәл осы жылы оның ең басты еңбегі "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан"атты монографиясы жарық көрді. Содан бастап өмірінің соңғы жылдарына дейін қудалауда болды.
Бұл кім?
Суретті бұру үшін шертіңіз
Ғалым Шоқан бұл суретке түскенде 23 жаста еді. Дәл осы жылы атақты сапары - Қашғарияға аттанды. Сапарында аса құпия жағдайда өміріне қатер төндіре жүріп, өлкенің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы жайлы аса құнды дерек жинап қайтты. Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми еңбегін жоғары бағалады. Содан кейін оны орыс патшасы II Александр қабылдады. Кездесуде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өтінішін батыл жеткізді.
Бұл қай тұлға?
Суретті бұру үшін шертіңіз
Бұл - мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі Мұстафа Шоқай. Ол ұлттық мүдде жолындағы саяси қозғалысқа жас кезінен-ақ араласқан. 27 жасында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде Әлихан Бөкейхановпен кездесіп, қазақ елінің болашағы туралы талқылады. Мұстафа жаңадан құрылған Алаш автономиясының құрамына кіріп, Алашорда үкіметінің Сыртқы істер министрі болып тағайындалады.
Бұл кімнің портреті?
Суретті бұру үшін шертіңіз
Фотосурет Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметоваға тиесілі. Ол соғыс басталған кезде Алматы медицина институтында оқып жүрген еді. 1942 жылы тамызда өз еркімен Қызыл армия қатарына алынып, 21-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметшы Мәншүк ұрыстарда мергендігімен және батылдығымен көзге түсті. Невель үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтан оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Ол небәрі 22 жаста еді.
Белгілі тұлғаны таныдыңыз ба?
Суретті бұру үшін шертіңіз
Бауыржан Момышұлы 7 жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, 1,5 жылдан кейін запастағы командир атанды. Ауылына оралған соң біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істеді. Кейін қайтадан Қызыл армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімде взвод, рота, командирі болды. 1941 жылы соғыс басталысымен жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардия дивизиясын басқарды.
Фотодағы кім?
Суретті бұру үшін шертіңіз
Әмина Өмірзақова 19 жасынан, студент болып жүрген кезінен киноға түсе бастады. Оның алғашқы түскен фильмдері - "Комсомольск", "Амангелді", "Алыптың әні", "Ақ раушан". Актрисаны 1945 жылғы "Абай өлеңдері" фильміндегі Ажардың ролі танымал етті. Ол осы фильмнен кейін қазақ кинематографының элитасы қатарына кірді. Бұл кезде Әмина Өмірзақова 26-да еді.
Бұл кімнің жас кезі?
Суретті бұру үшін шертіңіз
Фотосуреттегі - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол еңбек жолын 1975 жылы, 22 жасында КСРО Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралды. 1984-1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді.
Ғалымды таныдыңыз ба?
Суретті бұру үшін шертіңіз
Бұл - қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаев. Ол еңбек жолын 19 жасында ауылдағы қазақ мектептерінде мұғалім болудан бастады. Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейін бүкіл өмірін Қазақстанның минерал ресурстарын және руда кендерінің генеалогиясын зерттеуге арнады.
Share: