Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Президент төңірегіне бірігу туралы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Президент төңірегіне бірігу туралы айтты

Тұңғыш Президент партияластарына елдегі саяси бағыт сабақтастығын сақтау қажет екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының отырысында. Фото: Twitter.com/Aidos_Ukibay

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі биліктің саяси бағыты қалай болуы керек екенін айтты. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады.

Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп жатыр.

Сөз сөйлеу барысында Елбасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңірегіне бірігу және саяси бағыт сабақтастығын қамтамасыз ету қажет екенін партия өкілдерінің есіне тағы салды, — деп хабарлады Айдос Үкібай.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version