Басты бет Жаңалықтар Ақтөбеде террористік акт жасаған сотталушыларды 27 адвокат қорғайды

Ақтөбеде террористік акт жасаған сотталушыларды 27 адвокат қорғайды

Ақтөбеде лаңкестік оқиғаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот 18 қазан күні басталады. Алдын ала белгілі болғаны, сотталушылардың мүддесін 27 адвокат қорғайды. Бұл туралы бүгін облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі атыстардан 17 адам қаза тапты. (Көрнекі сурет)

2016 жылдың 5 маусым күні суық қарудан оқ жаудырған 9 адам, біле тұра ақпарат бермеген 18 және қылмысты жасырып қалған 2 азамат заң алдында жауап береді. Қылмыстық іс 201 томнан тұрады.

«Қылмыстық іс бойынша 29 сотталушы жауап береді. Оның 9-ы қолына қару алып, қылмысқа барған, 18-і дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламаған, екеуі қылмысты жасырып қалған. Іс бойынша 48 куәгер мен 88 жәбірленушіден жауап алынады. Қазір облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаңа зал жасақталды»,- дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова.

Айта кетейік, іс бойынша 215 сараптама жүргізілді. Оқиға орындарынан түсірілген бейнежазбалар сақтаулы, деректері жинақталды. Сотталушылар Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру», «Қарақшылық», «Терроризм актісі», «Террористік топ құрып, басшылық ету және оның әрекетіне қатысу» баптары бойынша жауап береді.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version