Басты бет Жаңалықтар Алматының жастар ұйымдары жастар мәселесін талқылады

Алматының жастар ұйымдары жастар мәселесін талқылады

Алматы технологиялық университетінің Жастар саясаты бөлімінің 20 жылдығына орай қалада жастар ұйымдарының конференциясы өтті.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын жастардың қоғамдағы роліне арналды.

Конференция жұмысында қазіргі жастардың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары, жастардың әлеуметтік, азаматтық-құқықтық, патриоттық, инновациялық және шығармашылық әлеуеттеріне қатысты мәселе талқыланды, — деп жазылған хабарламада.

Конференцияға Әуезов ауданы әкіміні орынбасары Дастан Қайратұлы, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова, «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Асхат Касенғалиев және жастардың қоғамдық ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдары қатысты.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version