Мекеме сайтындағы хабарламаға сүйенсек, смартфондарды қол жүгімен алып кіруге ғана емес, жүкпен бірге тасымалдауға да тыйым салынды.
«Аталған телефондарға тыйым салу бірқатар жолаушыларға ыңғайсыздық тудыратынын білеміз, алайда борттағы қауіпсіздік одан да маңыздырақ», — делінген АҚШ көлік министрлігінің мәілмдемесінде.
Бұдан былай жолаушылар құрылғыны ұшаққа алып өтуге әрекеттенсе, құрылғы тәркіленіп, жолаушыға айыппұл салынады. Егер смартфонды жүк арасына салып, борттағы өрт қаупін ұлғайтса, қылмыстық қуғындауға ұшырауы да мүмкін.