Өскеменде «Киелі Алтай» фотокөрмесі өтті

Көрмеге келушілер National Geographic, «Егемен Казақстан», облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінің фототілшісі түсірген туындыларды тамашалады. Көбі облыстық «Дидар» газетінің қызметкерлері Мерей Қайнарұлы мен Тілеубек Шаяхметтің фотоларына қызықты.

Мерей мен Тілеубектің бұл басылымда қызмет еткеніне бірнеше жыл болған. Олар әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстанның табиғатынан сыр шертетін фотосуреттерді жиі жариялайды. Мерей мен Тілеубектің кей фотоларын облыс тұрғындарымен қатар шетелдіктер де таниды.

Журналистика факультетінің студенті Елназ Әбенғазиева көрмеге алғаш рет қатысып отыр. Елназдың айтуынша, ұйымдастырушылардың блог-турға шақыруы ол үшін күтпеген жағдай. Қазылар оның туындысын жоғары бағалаған екен. Жас фотографты шабыттандырған — әсем табиғат. Елназ киіз үйден жұлдызды аспанды фотоға түсірген.

Нұрлан Бүлдірген де мұндай байқауда алғаш рет бақ сынады. Көрермен Нұрланның туындыларын жақсы бағалады.

Фотоөнер келешекте кәдеге жарайтынына сенемін. Болашақта табиғатпен байланысты жобаны қолға алғым келеді. Шығыс Қазақстанда тау да, су да бар. Әсем табиғатымызды бәрі көруі керек, — дейді Нұрлан Бүлдірген.

Өскемендегі фотокөрме 8 қарашаға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар көрменің түрлі жастағы көрерменге арналғанын айтты. Көрме Семейде де ұйымдастырылады.