Глубокое ауданындағы көпбалалы отбасыларға үй беріледі

Глубокое ауданындағы 42 көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер мемлекеттік және жеке балабақшаға, шағын-орталыққа тегін барады. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 2,3 миллион теңге қарастырылған. Бұл туралы аудан әкімі Қалихан Байғонысов аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Көпбалалы отбасыдан шыққан 462 оқушыға 8,6 миллион теңгеге мектеп формасы сатып алынды. Сонымен қатар 786 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Көбі көпбалалы және аз қамтылған отбасының  балалары, — деді Қалихан Байғонысов.

Глубокое ауданында көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыс жүріп жатыр. Қайталама тұрғын үй нарығында 13 көпбалалы отбасыға жалпы сомасы 31,1 миллион теңгеге 13 үй сатып алынды.

Ауданда атаулы әлеуметтік көмек осы жылдың 1 қарашасына дейін 1300 адамға тағайындалды. Қатарында 262 көпбалалы отбасы бар. Бала саны — 781.