Терроризмге қарсы тактика жаттығулары өтеді

Тактика жаттығулары 15 қарашада терроризммен күрес жөніндегі Семей қалалық жедел штабының ұйымдастыруымен өтеді. Басты мақсат — зардап салдарын болдырмауға, жолын кесуге және жоюға қатысатын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл деңгейін арттыру. 

Оқу-жаттығу кезінде арнайы күштер террористік қауіптің «Қызыл деңгейі» аясында террористерді залалсыздандыру және жою үшін арнайы операция өткізеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды және уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке себеп болатынын назарға саламыз.