Басты бетҚоғамСемейде электрон...

Семейде электрон билет жүйесі іске қосылады

Жол жүру ақысын көлік картасы немесе мобайл қосымша арқылы төлеуге болады. Енді басқа бағыттарда стационарлық валидаторларды орнату басталады. Бүгінде 328 валидатор дайын. 3 желтоқсаннан бастап жүйе барлық бағытта жұмыс істейді. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов және  Smart Concept ЖШС басшысы Қуат Ақанұлы мәлімдеді.

Бүгінде 488 көлік картасы іске асырылды. Мобайл қосымшаның теңгерімінен 1746 рет төлем төленді, — деді Серікқали Жұманов.

Жол жүру картасын кондуктордан немесе мына орталықтардан сатып алуға болады:

1. «Мереке» СҮ-343 квартал;

2. «Жаңа Семей» СҮ (Жаңа құрылыс);

3. «Тамаша» СҮ ( Ш. Уәлиханов к-сі, 147);

4. «Еркежан» СҮ.

Картаның балансын телеграмдағы канал арқылы тексеруге болады. Теңгерімді кез келген төлем терминалында картада көрсетілген номер бойынша толтыруға болады.

Қала тұрғындарының сұрағы мен ұсынысын Smart Concept ЖШС Call-орталығы дүйсенбі-cенбі күндері 09.00-18.30 аралығында 87222520143 номері бойынша қабылдайды.