Алматыда екінші Диабет орталығы ашылды

Орталық Алматыдағы жекеменшік аурухана базасында жұмыс істейді. Мұнда 25 орын бар. Стационар емделушілерді квота арқылы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қабылдайды. Айына 100 науқасқа дейін, жылына 1000-нан астам емделушіге дейін қабылдау жоспарланып отыр.

Клиника жетекшісі Жанай Ақановтың айтуынша, орталық қалада белгілі бір себеппен қараудан бас тартқан науқастарды қабылдайды. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін қаңтардан бастап енгізбекші.

Міндетті медициналық сақтандыру ауыратындар саны жылдам өсіп келе жатқан ауруларға негізделген. Қант диабеті оған шалдыққандар саны көбейіп келе жатқан ауруға жатады, — деді Жанай Ақтанов.

Дәрігерлердің айтуынша, қант диабетін оңай тануға болады. Қант диабетімен ауырған адамның алғашқы белгісі шаршау, жиі шөлдеу, терінің құрғауы мен салмақтың артуы симптомдарын жатқызуға болады. Диабет ауруының бар-жоған анықтау үшін қан тапсыру керек. Дәрігерлер аурудың жоқ екеніне сенімді болу үшін қанды екі рет тапсырған дұрыс екенін айтты.

Орталық емделушілерді 1 аптадан кейін қабылдай бастайды.

ДереккөзAlmaty.tv