Басты бет Жаңалықтар Алматы дәрігерлері қант диабеті көздің көруін нашарлататынын айтты

Алматы дәрігерлері қант диабеті көздің көруін нашарлататынын айтты

14 қараша - Халықаралық қант диабетімен күрес күні. Алматыда атаулы күнге орай Қазақстан Республикасы Диабет ассоциациясының баспасөз конференциясы өтті. 

Фото: Pressclub.kz.

Қазақстанда бұл аурумен 400 мыңға жуық адам ауырады. Офтальмолог дәрігер Ралия Сабирова диабетпен ауыратындардың үштен бірінің көру қабілеті нашарлайтынын айтты.

Әлемде диабет себебінен 145 миллион адамның көзі нашар көреді. Болжам бойынша 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 224 миллион адамға жетуі ықтимал. Ал 70 миллион адам көру қабілетін толық жоғалтуы мүмкін, — деді Ралия Сабирова.

Конференцияға қатысқан дәрігерлердің айтуынша, диабет себебінен көздің нашарлауын емдеуге болады. Диабетті тиімді, мұқият емдеп, көзді уақтылы тексертіп, проблемасын алдын ала білсе, көздің көруі толық қалпына келеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version