Басты бетЖаңалықтарТәуелсіздік күні...

Тәуелсіздік күні қарсаңында әр азаматқа 25 мың теңге берілмейді

ҚР Парламентінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 2016 жылғы 1 қарашадан бастап әрбір азаматқа 25 000 теңге төлем берілетіні туралы заң жобасын бекіткені туралы веб-сайттар мен интернет-порталдардағы, сонымен бірге, WhatsApp мессенджері арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.mzsr.gov.kz  ресми сайтында жарияланады.