«Күміс ақбозат» Халықаралық кинофестивалі түрлі ұлттардың рухани және мәдени құндылықтарын насихаттау және ұлттық, этникалық бағыттағы фильмдерді түсіретін режиссерлердің еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылады.
Фестивальге барлығы 254 өтініш келіп түскен. Одан Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Иран, Қырғызстан, Бангладеш, Египет, Украина, Армения және Ауғанстан сынды 24 елдің кинотуындылары қатысады.
Айта кетейік, «Құнанбай» фильмі 2015 жылдың желтоқсан айында прокатқа шықты. Ал 2016 жылдың қыркүйегінде Липецке өткен ХІІ халықаралық мұсылман киносы фестивалінде көрсетілсе, 30 қыркүйек күні тұңғыш рет ұйымдастырылған «Тұлпар» ұлттық киномарапатында Досхан Жолжақсынов «Ең үздік ер адам рөлін», композитор Төлеген Мұхамеджанов «Үздік композитор», ал Рустам Одинаев «Ең үздік суретші-қоюшы» номинацияларын жеңіп алды.