Несиесі кешірілгендерге қайтадан қарыз беріле ме?

Оның айтуынша, қарызы кешірілген азаматтың несие тарихына мұндай жағдай кері әсер етпейді.

Шындығында, несие есептен шықпады және кешірілмеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асырудың механикасы мен әдістемесі Қаржы министрлігіндегі проблемалық несиелер қорынан 300 мың теңге көлемінде қарыздың бір бөлігін өтеуден тұрады. Бұл — қарызды үшінші тараптың өтеу механизмі. Егер оның несие тарихында басқа факторлар бойынша да оң көрсеткіш болса, кешіру фактісі жаңа несие алу мүмкіндігіне әсер етпейді, — деді Олег Смоляков.

Ұлттық банк төрағасының орынбасарының жеке тұлғалардың банкрот болуы туралы заңның қабылдануына қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, банкротты оңалту механизмі бұрыннан бар және қаржы секторы мен Ұлттық банк бұл процестің тиімділігін арттыру қажет екенін үнемі ескертіп келеді.

Қазір банкрот болудың орташа мерзімі — 5 жыл, кейбір жағдайда 10 жылға дейін барады. Көбіне негізгі емес несие берушілер бірінші кезек бойынша талап ету құқығын арттыру жағдайын қолдануы мүмкін. Нәтижесінде кепілзат немесе кепілзаттық емес несие беруші, қаржы институты төмен басымдыққа ие болады және өз қаражатын шығара алмайды. Комитет пен кредиторлар кеңесі жұмысының мерзімі мен басымдығы туралы мәселелер қазіргі уақытта Сенатта қаралып жатыр, — деді ол.

ДереккөзZakon.kz