Басты бет Жаңалықтар Алдағы үш тәулікте Қазақстанда 25 градус аяз болады

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда 25 градус аяз болады

Еліміздің, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнгі мезгілде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан шамамен 10 градус төмен болады.

Фото: Fonwall.ru

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 14-16 қараша күндері Қазақстанда аяз болатынын хабарлады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда Қазақстан аумағына Орал мен Батыс Сібір аудандарынан Арктиканың атмосфера фронттары келіп, оның оңтүстік-шығысқа жылжуымен бірге қар жауады, кей жерде бұрқасын соғады, солтүстік-шығыс желі күшейіп, көктайғақ болады. Ал фронттардың артынан Арктика теңіздері акваториясында қалыптасқан антициклон келеді. Онымен бірге республиканың көп облысында күн суиды.

Солтүстік, орталық және шығыс аудандарда түнгі ауа температурасы 13-18, кей жерде 20-25 аязға дейін төмендейді, бұл орташа көпжылдық мәннен 4-10 градус төмен. Бұл күндері республиканың батысында ғана жауын-шашын жаумайды, ауа температурасы нормаға жақын болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version