Басты бет Жаңалықтар Алматыда денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

Алматыда денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалық етуімен өткен жиында бала өлімін азайту, қатерлі аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету мәселесі айтылды.

Фото Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында қаладағы медицина ұйымдарының басшылары қатысты.

Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының барлық маңызды көрсеткішін мұқият пысықтау қажет. Қойылған барлық міндетті шешуге тек бірлескен іс-қимыл көмектеседі. Барлық басшыға медициналық көмек беру сапасын қатаң бақылауда ұстау қажет, — деді Ержан Бабақұмаров.

Айта кетейік, республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша 29 қазанда Алматыда өткен кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын іске асыру, Алматы денсаулық сақтау жүйесіндегі істердің жағдайын жақсарту, МӘМС тетіктерін енгізуді ескере отырып, медицина қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша кешенді іс-қимыл жоспары әзірленді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version