«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары Алматы маңындағы тауларда қар көшетінін ескертеді.
Толассыз жауын-шашынға және таудағы қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 11-12 қараша аралығында қар көшкіні қаупі болуы мүмкін. Көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы тік жартастарға шықпауға кеңес береміз. Тауда абай болыңыздар, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК мамандары.
Синоптиктер мен төтенше жағдайлар қызметкерлерінің мәліметінше, 11 қарашада Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы аумағында толассыз жауын-шашынға байланысты тау өзендерінде су тасу қаупі де бар.