Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Astana Hub технопаркіне барды

Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде Huawei, Tastamat, IBM, НАБРК, Chocofamily, Blockchain Big Data Lab, Big dream, Vardix, Idemia R&D орталықтары мен kids security, SmartRemont, reKassa, Tourcenter стартаптары жобасы туралы айтып берді.

Орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде қонақтар Big dream зертханасының жұмысына тоқталды. Жоба білім беру саласына мобайл қосымшаны енгізумен айналысады. Мобайл қосымшаны жүктеп, гаджет камерасын кітапқа жақындату арқылы бала заттарды шын мәнінде көре алады. Зертхана қызметкерлері балаларға өрт кезінде эвакуация жасау үшін нақты технологиясы бар плакаттарды енгізу жүйесін ойлап тапқан. Қазір зертхана осы жоба аясында Білім және ғылым министрлігімен бірге жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Делегация бет биометриясы мен саусақ ізі арқылы қызметкерлердің жұмыс уақытын автоматты түрде есепке алатын Clockster жобасымен танысты. Clockster Astana Hub-та орнатылған. Қонақтар мемлекеттік органдарда, мектептер мен жоғары оқу орындарында Clockster-ді орнатудың маңызын айтты, — деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Astana Hub Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бесінші бағыты — Инновациялық экожүйені дамыту аясында құрылды.

Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметінше, стартаптардың  төртінші акселерация бағдарламасының жиынтығы бойынша жобаға қорлар мен жеке инвесторлардан 47 миллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Стартап-жобаларды сатудың жалпы сомасы 222 миллион теңгеге артып, 149 жұмыс орны ашылған.

 

ДереккөзElorda.info