Басты бет Жаңалықтар Еврокомиссия Air Astana әуе компаниясын «қара тізімнен» шығарды

Еврокомиссия Air Astana әуе компаниясын «қара тізімнен» шығарды

Еврокомиссия қазақстандық Air Astana әуе компаниясын қауіпті әуе тасымалдаушылар «қара тізімінен» шығарды. Бұл туралы ЕК хабарламасында айтылды, деп хабарлайды interfax.kz.

Еуропалық комиссия бейсенбі күні әуе тасымалдарының қауіпсіздігі бойынша тізімді қайта жаңартты. Бұл тізімге Еуроодаққа ұшуға тыйым салынған әуе компаниялар кіреді.

«Біз Air Astana-ның алты жылдық қызметінен кейін шектелген компаниялардың тізімінен шығарылғанына куаныштымыз», — деді Еурокомиссия мүшесі Виолета Булц.

«Дегенмен ЕО азаматтарының қауіпсіздігі үшін Қазақстанның басқа әуе кемелері тізімде қалды. Сондай-ақ, тізімге ирактық Iraqi Airways әуе компаниясы енгізілді», — деп атап өтті ол.

ЕО азаматтарының қауіпсіздігі үшін жаңаланған тізім 11 қарашада жарияланады. Тізімге 20 мемлекеттің 228 әуе компаниясы енгізілген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version