Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қай өңірде ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіші жоғары?

Фото: Pfrf-kabinet.ru

Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, күнкөріс деңгейі әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша былай жіктеліп отыр: 13 жасқа дейінгі балалар үшін 28 100 теңге, 18-ден асқан ер адамдар үшін 37 800 теңге, 18-ден асқан әйелдер үшін 30 000 теңге, зейнеткерлер мен қарттар үшін 29 800 теңге.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы өңірлерде әртүрлі. Күнкөріс деңгейі ең жоғары өңірлердің бестігіне Маңғыстау облысы, Нұр-Сұлтан мен Алматы, Алматы және Атырау облыстары кіреді. Маңғыстау облысында 39 500 теңге, ол орташа республикалық деңгейден 22,8% жоғары. Нұр-Сұлтанда 37 200 теңге, республикалық деңгейден 15,6% жоғары. Алматыда 35 500 теңге, республикалық деңгейден 10,2% жоғары. Алматы және Атырау облыстарында күнкөріс деңгейі — 32 300 теңге.

Күнкөріс деңгейі республика бойынша ең төмен өңір — Павлодар облысы. Мұнда көрсеткіш — 28 300 теңге, бұл орташа республикалық шамадан 11,9% төмен. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында да күнкөріс деңгейі жоғары емес — алғашқысында 28 900 теңге, Қызылорда облысында 29 400 теңге.

Қазан айында күнкөріс деңгейі шамасы еліміздің 17 өңірінің алтауында республикалық деңгейден жоғары болды. Қазақстан бойынша азық-түлік себеті — 17 800 теңге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version