Басты бетЖаңалықтар"Байқоңыр" аумағынан...

«Байқоңыр» аумағынан қайтарылатын жерге не салынады?

Мәжілістің жалпы отырысында «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңның жобасы талқыланды.

Қызылорда облысындағы Төретам ауылының мәселелерін шешу үшін ауданы 1 740 гектар болатын екі учаске жалдан қайтарылды. Ауданы 9 950 гектар болатын тағы екі учаске «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі мен Алматы — Мәскеу теміржолын және «Бейнеу — Шымкент» газ құбырының желі бөлігін салу мен пайдалануға беру үшін қайтарылды, — деді Сапархан Омаров.

Министрдің айтуынша, Қызылорда облысы аумағындағы бұл төрт учаске қайтарылғанымен Ресейдің қазақ жерін жалға алу төлемі азаймайды.

Бұл жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді. Заң жобасының кері әлеуметтік-экономикалық салдары болмайды және ол республика бюджетінен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді, — деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Еске салайық, Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыраны кешенін жасауға уағдаласқан еді. Келісім аясында айлақ нысандарының бір бөлігі жалға беруден шығарылып, Қазақстанға қайтарылады.

ДереккөзTengrinews.kz