Өскеменде «Киелі Алтай» фотокөрмесі ашылды

5 қарашада Өскеменде «Киелі Алтай» фотокөрмесі ашылды. Фотокөрмеге келушілердің назарына ұсынылған суреттер блогтур аясында түсірілген. Блогтур «Шығыс-ақпарат» ЖШС мен Катонқарағай ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Фотокөрмеге келген қонақтар National Geographic, «Егемен Казақстан», облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінің фототілшілері түсірген жұмыстарын көрді. Әсіресе, облыстық «Дидар» газетінің қызметкерлері Мерей Қайнарұлы мен Тілеубек Шаяхметтің суреттеріне қызыққандардың қарасы көп болды.

Фотокөрме, Өскемен
Фото көрмені ұйымдастырушылардан

Фотокөрмеге алғаш рет журналистика факультетінің студенті Елназ Әбенғазиева қатысты. Елназдың айтуынша, ол блогтурға шақырту аламын деп мүлдем ойламапты. Қазылар алқасы оның туындыларын жоғары бағалап, осы турға қатысуды ұсынған.

Нұрлан Бүлдірген де мұндай байқауға алғаш рет қатысып отырғанын айтты.

Фотоөнер келешекте кәдеме жарайтынына сенемін. Болашақта табиғатпен байланысты жобаны қолға алғым келеді. Бұл үшін біз де барлық жағдай бар. Шығыс Қазақстанда тау да, су айдындары да бар. Осы туралы барлық ел білуі тиіс, — деді Нұрлан Бүлдірген.

Өскемендегі фотокөрме 8 қарашаға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар көрмеге әртүрлі жастағы көрерменнің келетініне сенімді. Бұдан кейін көрме Семейде өтеді.