Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыда кездеседі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыда кездеседі

Биыл Қазақстан мен Ресей шекара ынтымақтастығының XVI өңіраралық форумы Омбыда өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Фото: Akorda.kz

Қазақстан мен Ресей Президенттері Омбыда кездеседі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы 7 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтетін «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі және екеуі бірнеше құжатқа қол қояды. Президенттер жоғары технологиялар көрмесін де аралайды.

Еске салайық, бір ай бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин алдағы жұмыс кестесін ақылдасқан еді. Сол кезде биылғы 6-7 қараша күндері Омбыда өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI өңіраралық форумына дайындық барысы да талқыланды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version