Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

12 өңірде жалақы орташа республикалық деңгейге жетпейді

Иллюстрация: Dribbble.com ©Nozzman

Жалақының сатып алу қабілеті инфляцияны ескергенде былтырғы кезеңмен салыстырғанда 12% өсті. Ал 2019 жылдың қыркүйегінің қорытындысы бойынша тауар мен қызмет бір жылда 5,3% қымбаттаған.

Ranking.kz мамандарының мәліметінше, орташа айлық жалақы көлемі алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 1,8% артып отыр.

Республика бойынша ең жоғары жалақыны Атырау облысының тұрғындары алады — 361,5 мың теңге (былтыр 310,6 мың теңге болған). Мұндай жалақы орташа республикалық деңгейден 89,2% жоғары. Жалақы мөлшері жағынан Нұр-Сұлтан екінші орында, астана тұрғындары орташа есеппен айына 308,1 мың теңге жалақы алады, бұл орташа республикалық деңгейден 61,2% жоғары. Үштікке Маңғыстау облысы да еніп отыр, бұл өңірде орташа айлық жалақы мөлшері — 297,3 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 55,5% көп. Топ-5 өңір қатарында Алматы (222 мың теңге) мен Батыс Қазақстан облысы (191,3 мың теңге) бар, Алматыда орташа айлық жалақы мөлшері орташа республикалық деңгейден 16,2%, Батыс Қазақстан облысында 0,1% жоғары. Қалған 12 өңірде жалақы көлемі Қазақстан бойынша орташа деңгейге жетпейді.

Аз жалақы алатын тұрғындар Түркістан (122,8 мың теңге, орташа республикалық деңгейден 35,8% аз), Жамбыл (127,8 мың теңге, орташа республикалық деңгейден 33,1% аз) және Алматы облыстарында (137,1 мың теңге, орташа республикалық деңгейден 28,3% аз) тұрады.

Жоғары жалақы қаржы, сақтандыру, тау-кен өнеркәсібі, кәсіби қызмет, ғылым мен техника, құрылыс, ақпарат және байланыс салаларында тіркелген, ал орташа жалақының ең төменгі деңгейі білім беру саласында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version