Басты бет Жаңалықтар Алматыда зейнеткерлер арасында шахматтан турнир өтті

Алматыда зейнеткерлер арасында шахматтан турнир өтті

Шара Қарттар күніне орай өтіп жатқан қарттар айлығы аясында ұйымдастырылды. 

Фото: Жетісу ауданы әкімінің аппараты

Турнирге ауданның әр округінен зейнеткерлер мен ардагерлер қатысты. Олар қалада өтетін мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға белсене қатысып жүреді. Көбі шығыс гимнастикасымен және скандинавиялық жүріс спорт түрімен тұрақты айналысады.

Жетісу ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шахмат турнирі олимпиадалық жүйемен өтті. Жеңімпаздар мен қатысушылар ойын қорытындысы бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version