Басты бет Жаңалықтар Алматыда қалалық хакатон жеңімпаздары анықталды

Алматыда қалалық хакатон жеңімпаздары анықталды

Марафонға қатысқан 30 жұмыстың үшеуі үздік болды. Жобаны жүзеге асыруға қаржылай сыйлық берілді.

HCK50 командасы. Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Q-Lab зертханасында ақылды жоба авторларының алғашқы қалалық марафоны өтті. Қатысушылар бұған дейін болмаған, еш жерде жарияланбаған жобаны 24 сағаттың ішінде ойлап табуы керек болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев болашағы бар жоба ұсынған командалардың жұмысына қолдау көрсетілетінін айтты.

Ақылды марафонды жыл сайын өткіземіз. Ауқымын кеңейтіп, жобаның қолдану аясын кеңейтуге тырысамыз. Жеңімпаз жобаларды жүзеге асыра алатын мамандарды көптеп тартамыз, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Almaty SmartCity Challenge хакатонының жүлделік қоры — 3 миллион теңге.

HCK50 командасы Salem Tourist жобасын ұсынып, бірінші орынды иеленді. Олар 1,5 миллион теңге ақшалай сыйлықты жеңіп алды. Salem Tourist мобайл қосымшасынан Алматының қызық жерлері, туристік орындарына қалай баруға болатыны мен ол жер жайында тұрғындардың пікірін білуге болады. Жоба авторларының айтуынша, қосымша туристерге барынша жайлы жағдай жасайды.

GGG командасы Smart bin жобасын ұсынды. Олар 2-орынды иеленіп, 1 милллион теңге ұтып алды. Жоба авторлары датчикпен қаланың қоқыс толған контейнерлерін бірден тауып алуға болатынын айтты.

Smart bin — қоқыс жинау логистикасын оңтайландыруға, қанша қоқыс жинайтын көлік пен контейнер қажет екенін есептеуге, көліктердің майын үнемдеп, қызметкердің жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Ал Mbionics командасы «Ақылды тұрақ» жобасын таныстырып, үшінші орын иеленді. Команда 500 мың теңге ақшалай сыйлық жеңіп алды. Жобаның арқасында Алматының бос тұрақтарында көлік орналастыру процесін басқаруға болады.

«Ақылды тұрақ» көлік тұрағы кеңістігін жасқартумен қатар қала бюджетіне түсетін қаржыны ашық бақылауға мүмкіндік береді.

Шараға қолдау көрсеткен «Касперскийдің зертханасы» мен «Қазтелепорт» компаниялары 9 команданы арнайы сыйлықпен марапатталды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version