Басты бет Жаңалықтар Алматыда Қарттар күніне орай зейнеткерлер серуенге шықты

Алматыда Қарттар күніне орай зейнеткерлер серуенге шықты

Алматының Жетісу ауданында тұратын 30 қария Орталық мәдениет және демалыс паркiне серуендеп қайтты. 

Фото: Жетісу ауданы әкімінің аппараты

Ауданда Қарттар күніне орай қарттар айлығы ұйымдастырылды. Айлық аясында аудан әкімдігі қызметкерлері мен Жетісу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тамара Шакирова аудан қарияларын паркке автобуспен алып барды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қариялар паркте сирек кездесетін жануарларды көріп, таза ауада демалды. Арнайы түскі ас ұйымдастырылды.

Замандастар өзара әңгіме айтып, жастарға ақыл-кеңесін берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version