Басты бет Жаңалықтар Синоптиктер соңғы 100 жылда болмаған суық келе жатқанын ескертті

Синоптиктер соңғы 100 жылда болмаған суық келе жатқанын ескертті

Метеорологтар 2016-2017 жылдың қыс мезгілінде Европада соңғы 100 жылда көрмеген суық болатындығын айтып ескерту жасады. Алдағы уақытта біздің континет арқылы Арктиканың ауа массалары ығысады.

Көрнекі фото

Европа метеорологтары қарт құрлықтың тұрғындарына жылы киімдерін дайындап, суық атмосфераға қазірден қамдануды кеңес етеді. Неміс метеорологы Доминик Юнг mesastuces.net сайтының дәйексөзіне сүйене отырып, бұрын болып көрмеген суық ауа келе жатқанын айтып ескерту жасады.

Ең төменгі температура қаңтар мен ақпан айларында болады. Доминик Юнгтың сөзінше, наурыз айы да суық болып, күн сәуір айынан бастап жылына бастайды деп күтіледі. AccuWeather метеорологы Джо Бастарди де әріптесінің бұл болжамымен келіседі. Оның пікірінше, алдағы қыс мезгілінде арктикалық ауа массасы Европаға келеді.

«Бұл феноменнің орын алуы ауа массалары алмасуының бұзылуымен байланысты. Оңтүстіктен қар мен дауылды шақыратын циклон келді. Мұның соңынан арктиканың ауа массалары келеді. Қозғалыс формасының бұзылуы күннің белсенділігінен болуы мүмкін.

Қазір біз ауа температурасының төмендеуін бақылап жатырмыз. «Жаһандық суыту» мен «мұз дәуірі» туралы айту әлі ерте, — дейді Фобос метеоорталығының қызметкері Елена Волосюк.

26 пікір

    • Қазақстан азияга жатады.европа батыс елдері

    • Қазақстан Евразия елі саналады. Европа мен Азияның тұтасқан жері.

    • Казакстаннын тек батыс болиги европага киреди.

    • Онша сеналмаймын Әр жыл сайын айтылады суық болат деп

  1. Дүние жүзі бойынша ғалымдар əлем жылынып солтүстік мұзды мұхит еріп жатыр деп алаңдаушылық білдіреді деп кеше ғана жарысып айтып жатыр еді ғой

  2. Европалдықтар үшін 30градус аяз сұмдық болып саналады. Ал, біз ондай аязды жылда көріп жүрміз.

    • табиғатқа ешкім қарсы тұра алмайды. көппен көрген ұлы той

  3. Ия достар қыс құдайдың қаһары дейді бәрін бір алла біледі көппен көрген ұлы той
    ,

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version