Басты бет Жаңалықтар 1 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде жауын-шашын түседі

1 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде жауын-шашын түседі

Қарашаның алғашқы күні Қазақстанның барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады.

Фото: Site-made-in.odessa.ua

Өңірлерде жел күшейеді, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, оңтүстікте найзағай ойнайды.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады.

Павлодар облысында жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Түркістан облысының кей жерінде найзағай ойнайды, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында тұман түседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version