Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтар шетелде...

Қазақстандықтар шетелде қанша қаржы сақтап отыр?

Елбасы азаматтарға шет елде сақтаған қаржыларын ел игілігіне жұмсау тапсырмасын берген болатын. Соның негізінде елімізде «Мүлікті жария ету» науқаны жүріп жатыр.

Бақыт Сұлтановтың айтуына қарағанда бүгінгі таңда Қазақстанның 712 азаматы шетелдік банктерде 52 түрлі валютамен өз тапқан табыстарын сақтап отыр.

«Ең көп таралған валюталарға тоқталсақ, 240 азамат табысын 517 млн доллармен, 237 азамат 30 млн еуромен, ал 123 адам 23 млн фунт стерлингпен сақтайды. Олар Салық кодексінің нормаларын сақтап, «тыныш ұйықтайтындар», — дейді министр.

Оның сөзінше, жалпыхалықтық жариялау бақылау процесін ретке келтірудегі бір кезең ғана.

«2020 жылға дейін мемлекеттік органдардың мәліметтер базасын синхрондау және ақпараттық жүйелердің шашыраңқылығын жою деген жоспар орындалу қажет. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың шетелдегі қаржысы мен мүлкін бақылауға алатын механизмдеріміз бар. Айта кетейін, Салық кодексінің шетелдік капиталды жариялау деген нормасын ешкім кері шегерген жоқ», — деді Бақыт Сұлтанов.

Еске сала кетейік, 2017 жылдан бастап Салық кодексінің шетелдегі табысын міндетті түрде жариялау деген нормасы күшіне енеді.

Дереккөзbaq.kz