Әуезов ауданының әкімі профессор Әбіл Мұратұлын Қарттар күнімен құттықтады

Алматының Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов университет оқытушысы, ғылым кандидаты Әбіл Мұратұлын мерекемен арнайы құттықтады. Жылы лебізін білдіріп, иығына шапан жапты.

Әбіл Мұратұлы 1934 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1949 жылдан 1951 жылға дейін аудандық интернатта білім алған. 1952 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтына түсті. Институтты тәмәмдаған соң 1957 жылы туған жеріне оралған. 1961 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының аспирантурасына шақырылды. 1961-1964 жылдар аралығында ғылыми жұмыспен айналысып, ғылым кандидаты дәрежесін алды. 2002 жылдан бастап Қазақ қатынас жолдары университетінде сабақ береді.