Басты бетЖаңалықтарАлик Шпекбаев...

Алик Шпекбаев жемқорларды мерзімінен бұрын босатпауды ұсынды

Қазақстанда ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасын қолдануға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаев айтты.

Жоғары cоттың сот жүйесін тазартудағы белсенді позициясын ескере отырып, біз Фемида қызметшілерін бірігіп әшкерелейміз. Осы жылы бесеуі сотталды. Осыған байланысты агенттік құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін арттыру туралы бастама көтерді. Сонымен бірге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды шектеу ұсынылды, — деді Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, қылмыстың негізгі бөлігі парақорлық фактісі — 850, жымқыру — 714 және лауазымдық уәкілетін асыра пайдалану — 224. Жыл басынан бері 1 028 адамның ісі әшкереленді, оның 23-і — республика деңгейіндегі, 86-сы — облыс деңгейіндегі басшы.

Анықталған шығын мөлшері едәуір өсті — 23,2 миллиард теңге. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп, тоғыз айда 13,5 миллиард теңге. Оның 94%-і өтелді, — деді Алик Шпекбаев.

ДереккөзTengrinews.kz