Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда ағзаларды алмастыру тегін жасалатын болды

Қазақстанда ағзаларды алмастыру тегін жасалатын болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

Көрнекі сурет

Бұндай қымбат операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін ақысыз болады.

Мамандардың айтуынша, қазір ағза трансплантациясына 3 мыңға жуық азамат зәру. Елімізде көбінесе бүйрек, бауыр және жүрек алмастыру операциясы сәтті жасалуда. Болашақта дәрігерлер ішек жолдарына да осындай операция жасауды қолға алмақ.

«Бауыр мен жүрекке жасалатын трансплантация шамамен 3 миллион теңге тұрады. Ал тиісті бағдарлама қабылданған соң ел азматтарына мұндай көмек тегін көрсетілетін болады», — дейді Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қалалық департаментінің басшысы Тілеухан Әбілдаев.

1 пікір

  1. Құдай сақтасын тегін жасалады деседе қорқатын болдыққой, сол ота жасайтын дәрігеріміз білікті болса жарар еді. Қайдлағы бір енді ғана оқуын тауысқан жас маманның практикалық құралы болып қалмасақ жарар еді. )))

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version