Қазақстанда ағзаларды алмастыру тегін жасалатын болды

Бұндай қымбат операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін ақысыз болады.

Мамандардың айтуынша, қазір ағза трансплантациясына 3 мыңға жуық азамат зәру. Елімізде көбінесе бүйрек, бауыр және жүрек алмастыру операциясы сәтті жасалуда. Болашақта дәрігерлер ішек жолдарына да осындай операция жасауды қолға алмақ.

«Бауыр мен жүрекке жасалатын трансплантация шамамен 3 миллион теңге тұрады. Ал тиісті бағдарлама қабылданған соң ел азматтарына мұндай көмек тегін көрсетілетін болады», — дейді Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қалалық департаментінің басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Дереккөз24 Хабар