Басты бет Жаңалықтар Синоптиктер бүгін Қазақстан аумағында қар жауатынын болжады

Синоптиктер бүгін Қазақстан аумағында қар жауатынын болжады

Қазанның 31-інде күн жауын-шашынды, тұманды болады әрі еліміздің 14 облысының аумағында түгел жел күшейеді.

Фото: Wallpapermania.eu

Ресейдің Еуропа аумағындағы аудандарында орналасқан циклонның атмосфера фронттарының өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, өңірлерде жаңбыр, қар жауады, жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстікте көктайғақ болады, оңтүстік-батыста найзағай ойнайды.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына қарағанда қазанның соңғы күні Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынмен бірге тұман түседі, көктайғақ болады. Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Қарағанды облыстарында да тұман түседі. Маңғыстау облысында найзағай ойнайды. Республиканың барлық облысының аумағында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Күшті желге байланысты Қызылорда, Ақмола, Маңғыстау облыстарында ескерту жарияланды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version