Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президентінің қайғысына ортақтасты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мун Чжэ Инмен кездесті. Фото: Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инге анасының қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің анасы Каң Хан Ок ханымның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жазды.

Ардақты анаңыз Каң Хан Ок ханымның дүниеден озғаны туралы суыт хабарға байланысты Сізге және жақындарыңызға көңіл айтып, орны толмас қайғыңызға ортақтасамын. Каң Хан Ок ханымның жарқын бейнесі мен ізгі істері оның туған-туыстары мен отандастарының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, өткен сәуір айында Корея Президенті Мун Чжэ Ин Қазақстанға тұңғыш мемлекеттік сапарын жасаған еді. Мун Чжэ Ин Қасым-Жомарт Тоқаевпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, соның нәтижесінде 8 құжатқа қол қойды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version