Алматыда Мұхтар Әуезовтің құрметіне халықаралық турнир басталды

1913 жылы Қазақ жерінде тұңғыш  рет Семейдің жастары «Жарыс» футбол командасын құрды. Командада жазушы Мұхтар Әуезов жартылай қорғаушы болып өнер көрсеткен. Жазушыны Қазақстан футболының негізін қалаушылардың бірі деуге болады.

Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын ғана емес, футболдағы жетістігін насихаттау мақсатында турнир алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Бұған дейін «Спартак» аталып келген стадионға Мұхтар Әуезовтің есімі берілді.  Жарысқа Өзбекстан мен Қырғыз елінен де командалар келді. Турнирдің ашылу рәсіміне Евгений Яровенко, Сейілдә Байшақов пен Диас Омаров сияқты ардагер футболшылар қатысты. Жастар арасында 10 команда өзара күш сынасты. Ардагерлер командасының аты «Көксерек», «Қилы заман», «Бүркітші», «Абай жолы» сияқты жазушы шығармаларының атымен аталды.

Жазушының ұлы Мұрат Әуезовтың айтуынша, «жарыс» сөзінің мағынасын айтып берді.

1913 жылы Семейдегі «Ярыш» командасының атауы «Жарыс» болып қазақшаланды. Бұл футболшы жастарға Алаш азаматтарының әсері көп болды. Сөз жарысу деген мағынаны да беріп, «Жарыс жеңіске жет» деп ұрандап тұрғандай болды, — деді Мұрат Әуезов.

Дереккөз24.kz