Басты бет Жаңалықтар Елімізде қарашаның алғашқы күндері суық болады

Елімізде қарашаның алғашқы күндері суық болады

Синоптиктердің болжамына қарағанда алдағы күндері еліміздің батысында ауа температурасы нормадан 4 градусқа дейін төмендейді.

Фото: Desktopwallpaperhd.net

«Қазгидромет» РМК мамандары 31 қазан — 2 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Ресейдің Еуропа бөлігінде белсенділігін арттырған кезекті циклон алдағы тәулікте Орал тауына қарай, ал оның суық фронттары Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтарына жылжиды.

Циклон мен фронттардың шығысқа жылжуына байланысты республиканың қалған өңірлерінде де жаңбыр мен жылбысқы қар жауып, екпінді жел, кей жерде бұрқасын соғады, көктайғақ болады, — деп хабарлады синоптиктер.

Мамандардың мәліметінше, климат нормасынан 3-6, республиканың солтүстігінде 8-13 градус жоғары болған ауа температурасынан кейін күн суиды. Қараша айының басында батыс өңірлерінде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 2-4 градус төмен болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version