Алматының Әуезов ауданында қарттар айлығы өтіп жатыр

Шара Әуезов ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша Қарттар айлығы аясында ұйымдастырылған. Бұл туралы ауданның бапасөз қызметі хабарлады.

Оқытушылар мен студенттер соғыс жылдары туған Иван Авдеев пен Валентина Авдееваны, еңбек ардагерлері — Ренна Балабанованы, Дамелі Отышбаева мен Людмила Зуеваны құттықтады.

Бізге жылу, мейірім мен махаббат сыйлайтын ата-әжелергеге құрмет көрсетеміз. Ардагерлердің білімі, даналығы, өмірі мен кәсіби тәжірибесіне баға жетпейді. Жас ұрпаққа үлгі көрсете отырып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосты, — деп, студенттер жылы лебізін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.