Депутат соғыс ардагерін Қарттар күнімен құттықтады

Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Александр Гарбер Ұлы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Нұртай Қашағановты Қарттар күнімен құттықтап, үйіне барды.

Қарттар айлығы
Фото. Әуезов ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Әуезов ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Депутат Нұртай Қашағановқа естелік сыйлық табыстады.

Нұртай Қашағанов соғысқа 1943 жылы кетіп, 1946 жылы оралған. Беларусь маңында жарақаттанды. 1958 жылы отбасын құрған. Қазір бес баласы, 10 немересі және екі шөбересі бар. 40 жыл бойы білім беру саласында еңбек етіп, оқу ісінің үздігі атанған.

Нұртай Қашағанов соғыс жылдарын еске алып, жеңіске қалай жеткенін айтып берді.