Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда екі күн болады

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда екі күн болады

Президент алғашқы күні балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пәтер кілтін табыс етіп, Tech Garden инновация кластерінің, Инвестиция үйінің және әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің жұмысымен танысады, қаланы дамытуға арналған кеңес өткізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға екі күндік жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-та хабарлады.

Президент бүгін «Жаңа Алматы» бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, балалар үйінің тәбиеленушілеріне пәтер кілтін табыс етіп, Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады. Сонымен қатар Tech Garden инновация кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады, — деп хабарлады Берік Уәли.

Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне де барып, онда оқу корпусы мен студенттерге қызмет көрсететін «Керемет» орталығында болады. Жұмыс сапарының екінші күнінде Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version