Басты бет Жаңалықтар Арын Орсариев «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы болды

Арын Орсариев «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы болды

Арын Орсариев бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болған еді. Оның тағайындалуымен бірге Ғылым қорының директорлар кеңесінің құрамы түгел жаңарып отыр.

Арын Орсариев. Фото: Edu.gov.kz

Арын Орсариев «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы қордың директорлар кеңесінің жаңадан сайланған төрағасы Олжас Құдайбергенов Facebook-те хабарлады.

Соңғы жылдары Ғылым қоры төңірегінде жанжалдар болған еді. Бірақ бұлай жалғаса бермейді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазір кадрларды белсенді өзгертіп жатыр, нәтижесі — басқарманың құрамы түгел жаңарды, қордың өзінің функциялары да жаңарып жатыр, — деп жазды Олжас Құдайбергенов.

Оның хабарлауынша, Ғылым қорының директорлар кеңесі құрамына Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова, ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Бибігүл Өтепқалиева, ҚР Қаржы министрлігінің басқарма басшысы Амангелді Тойбаев, ҚР БҒМ Биотехнологиялар ұлттық орталығының зертхана меңгерушісі Мақсат Жабағин, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры Әсемгүл Молдажанова, Назарбаев Университетінің деканы Вассилиос Турассис, Назарбаев Университетінің профессоры Дурвудхан Сұраған кіріп отыр. Ал Олжас Құдайбергеновтің өзі директорлар кеңесінің төрағасы болған. 

Осы кезге дейін Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болған Арын Орсариев қордың жаңа басқарма төрағасы болды, — деп хабарлады Олжас Құдайбергенов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version