Басты бет Жаңалықтар ҰҚК қызметкерлері уран концентратын сатпақ болғандарды ұстады

ҰҚК қызметкерлері уран концентратын сатпақ болғандарды ұстады

Уран концентраты кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған және оның радиация деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық болып шықты.

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР ҰҚК қызметкерлері Қызылорда облысы аумағында 240 келіден астам уран концентратын сатпақ болғандарды ұстады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 4 мүшесі заңсыз әрекеті үстінде ұсталды, олар Қылмыстық кодекстің 283-бабының 2-бөлігі («Радиоактив заттармен, радиоактив қалдықтармен, ядро материалдарымен заңсыз жұмыс істеу»)  бойынша күдікті деп танылды.

Ядро физикасы институты мамандарының қорытындысы тәркіленген уран концентраты қауіпті радиоактив зат екенін көрсетті. Оның сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына кәдімгідей қауіп төндіреді.

Тергеудің мәліметіне қарағанда ұсталған адамдар қауіпті затты ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрлаған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version