Басты бет Жаңалықтар Алматы әкімі тарихи ғимараттар каталогын жасауға үндеді

Алматы әкімі тарихи ғимараттар каталогын жасауға үндеді

Азаматтар сәулет ескерткіші деуге болатын ғимараттардың фотосуреті мен мәліметін қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының Almaty.uaig.kz сайтына жолдауы қажет.

Алматы тарихы музейінің қазіргі ғимараты. Фото: Inalmaty.kz

Алматыда сәулет келбеті сақталуға тиіс ғимараттар каталогы жасалады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында хабарлады.

Қаланы аралау кезінде көркін жойған бұрынғы тарихи нысандарға назар аудардым. Осы проблеманы шешу үшін сәулет келбеті сақталуы тиіс ғимараттар туралы мәліметтер жинап, қалалық ресурсты іске қосамыз. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының сайтына ұсынылатын нысан туралы ақпаратты фотосуретімен және мекенжайымен жариялауға болады, — деп жазды әкім.

Бақытжан Сағынтаев қазіргі кезде қоғамның белсенді мүшелері 1927-1995 жылдар аралығында салынған тарихи құндылығы бар 757 ғимаратты анықтағанын хабарлады. Алматының бірегей ғимараттарын каталогқа енгізу туралы шешімді сарапшылар мен қоғамдық комиссия қабылдайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version