Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Белорус делегациясының келгеніне қуаныштымыз. Бізді достықтың дәстүрлі желілері мен ынтымақтастық байланыстырады. Біздің халқымыз бір-біріне тартылып тұрады. Сол себепті құрметті Президент Александр Григорьевич бастаған бұл сапар мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың барлық мәселесін талқылауға жақсы мүмкіндік болады және қажет болған жағдайда оларға қосымша серпін береді. Қазір ғана жабық форматта негізгі проблемалық сұрақтарды талқыладық, өйткені жақын мемлекеттердің бір-бірімен қарым-қатынасында талқылауды, нақтылауды және ең бастысы шешуді қажет ететін мәселелер туындайды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздердің қорытындысы бойынша қол қойылатынын, сонымен бірге екі ел Президенті бірлескен мәлімдеме жасайтынын хабарлады.
Біз мемлекеттеріміз арасындағы сауда көлемін ұлғайтуға, гуманитарлық саладағы қатынастар мен өзара байланыстарды нығайтуға, халықаралық ұйымдарда белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделіміз. Меніңше, келісім мен бірлескен мәлімдеме мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетудегі өте маңызды қадам болады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.