Басты бетЖаңалықтарАбоненттердің кейбірі...

Абоненттердің кейбірі неге ұялы байланыссыз қалды?

Виталий Ярошенко 2019 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда абонент нөмірлерін тіркеуге алу процесі аяқталғанын және нөмірлердің бәрі тіркелгенін айтты. Бұл — ұялы телефон ұрлығы мен алаяқтықпен күрес үшін жасалған шара.

2019 жылдың 1 қаңтарында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу бойынша нормалар күшіне енді, соған байланысты ұялы байланыс операторына ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынады. ЖСН-іңізге бекітілген аппарат сіздің атыңызға тіркелген SIM-карталармен ғана жұмыс істейді. Ол аппарат басқа SIM-карталармен жұмыс істемейді. ЖСН-іңізді телефонға байланыстыруды арнайы сервис арқылы тексере аласыз, — деді ол.

Комитет төрағасы соңғы күндері нөмірі өшіп қалуына байланысты шағымданушылар саны артқанын айтты. Виталий Ярошенконың айтуынша, оның себебі — қазақстандықтарда өз атына қанша нөмір тіркелгенін білу мүмкіндігі пайда болды. Телефон нөмірлерін пайдалану үшін жауапкершілік олардың иесіне жүктеледі, сондықтан адамдар өз атына тіркелген бөтен нөмірлерді өшіріп жатыр.

ДереккөзTengrinews.kz