Басты бетЖаңалықтар«Бәке-Сәке» дегендерден...

«Бәке-Сәке» дегендерден шаршадым — Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдрахымов

— Жақында маған бір аға келді. Қасында ұлы бар. «Баламды жұмысқа тұрғыз» дейді. Егер ол кісінің баласы колледж немесе жоғары оқу орнын бітірген жас маман болса түсінер едім. Ал ұлы – менің құрдасым, 40 жаста екен. ол жігітке: Өз әкеңді пайдалануға ұялмайсың ба? Намысың қайда? — дедім. Жұмысқа алмадым. Дайын асқа тік қасық болатындарды ұнатпаймын. Ол жігіттің әкесі маған қатты ренжіді. Бұдан кейін мені көргісі келмейтінін, алдағы тойларына шақырмайтынын айтты. Қонаққа барсаң, адамдар өздерінің проблемаларын айта бастайды. Сосын менен ол мәселелерді шешуді өтінеді. Мен ондайды құп көрмеймін. «Бәке–Сәке» дегендерден шаршадым», – дейді шенеунік.

Әкімнің айтуынша, мемлекеттік қызметке ешқандай парасыз, адал еңбегімен жұмысқа тұрған. Басқалары тәрізді конкурстан өткен. Содан бері ол өз антын бұзбауға тырысатындығын жеткізді.

«Мен қазір әкіммін. Бірақ, бұл орында мәңгілік отырмайтыным анық. Егер басқа қызметке ауысатын болсам, адамдардың мені жылы шыраймен еске алғанын қалаймын. Сол үшін қолымнан келгенін жасауға тырысамын», – дейді Әбдірахымов.

Қала басшысы, сондай-ақ, ресми жиындардан шаршағанын да айтты.

«Ұзаққа созылатын, іш пыстыратын жиналыстарды ұнатпаймын. Үнемі костюм киіп, галстук тағып жүргенді де жақсы көрмеймін. Еркін жүрген қолайлы. Мысалы, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияда білім алдым. Ол жақтың қала басшысы жұмысқа джинсимен барады. Қоғамдық көлікпен және велосипедпен жүреді. Әкім бе, жоқ әлде қарапайым адам ба, айыру мүмкін емес. Еуропада бұл қалыпты жағдай. Ешкім әкімнің аттап басқан қадамын аңдымайды. Ал өзім салауатты өмір салтын ұстанамын. Жұмысқа кейде велосипедпен келемін, — дейді әкім.

Дереккөзkazinfo.today